Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Балалар байқауы: Олимпиадаға Қазақстан Олимпиада құрамасымен бірге!

«Олимпиадаға Қазақстанның олимпиадалық командасымен бірге!» байқауына қатысыңыз. Аталған балалар байқауына 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Жеңімпаз сурет салуға арналған цифрлы планшетке, жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болады. Ең бастысы, жас жанкүйерлердің тілектері мен ең үздік суреттер Қазақстан ұлттық командасының футболкаларына қолданылады.

Сіз кез-келген техникада және кез-келген стильде A4 парағына сурет салуыңыз керек. Суреттер  «Олимпиадалық команда және елдің олимпиадалық үміттері» тақырыбын қамтыуы қажет. Сонымен қатар, байқауға арналған  суретте жақында Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарына баратын спортшыларымызға деген тілек болуы керек.

«Біздің елдегі Олимпиада күнінің басты кейіпкерлері әрдайым балалар болған. Себебі, чемпиондық бала кезден басталады. Сондықтан, біз Халықаралық Олимпиада күнін мерекелеуді балалар сайысымен бастаймыз. Бұл біздің жас таланттарымызға да, олимпиада құрамасына да қолдау. Өздеріңіз білетіндей, ойындар ХОК пен Токио Олимпиадасын Ұйымдастыру комитеті енгізген белгілі бір шектеулер аясында өтеді. Олимпиаданың атмосферасы жанкүйерлерсіз мүлдем өзгеше болады. Бірақ біздің команда әрқашан қазақстандықтардың қолдауын сезінетініне сенімдіміз. Әсіресе, егер бұл ең жас жанкүйерлердің қолдауы болса ерекше болмақ», – деді Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков.

Жарыс Балаларды қорғау күніне және 23 маусымда атап өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне орайластырылған. Өтініштер 2021 жылдың 1 маусымы мен 15 маусымы аралығында қабылданады. Жеңімпаз 23 маусымда Olympic.kz сайтында және ҰОК-тың ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Байқаудың егжей-тегжейлі шарттарымен сайттың негізгі бетіндегі «Байқау» бөлімінде танысуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз