Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Балалар арасында суицид көбейген: сарапшылар “қашықтықтан оқытудың” қорытындысы туралы

мектеп

Қазақстанда алғашқы толық қашықтықтан оқу жылы аяқталды. Бірақ Білім және ғылым министрлігі үйде оқыту кезінде қашып құтыла алмаған кемшіліктердің орнын толтыруға көмектесуге шешім қабылдады. Ол үшін

білім мекемелерінің жанынан оқушылар ата-аналарының қалауы бойынша бара алатын Жазғы мектептер құрылды. Сабақтар 19 маусымға дейін өткізіледі

БҒМ-де: 7 мыңға жуық оқушы осындай қосымша сабақтарды қажет деп тапқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, жазғы кезеңде олимпиадалық резерв мектептер жұмыс істейді, онда 600-ге жуық дарынды бала білімдерін шыңдай алады.

“Қашықтықтан оқыту” қалай болды?

Сонымен қатар, психолог Светлана Богатырева: білімнің жетіспеушілігіне баса назар аударғанда, балалардың психологиялық саулығы туралы да ұмытпауымыз керек. “Қашықтықтан” оқыту балаларға қысым жасалуына ықпал етті, ол көп жағдайда аса еленбеді.

– Жекелеген мысалдар бар, бірақ бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілген жоқ. Израильде, мысалы, атыс пен зымыран шабуылдары жақында ғана тоқтаған жерде сынып жетекшілері бірден балаларға қоңырау шалып, жағдайлары қандай екенін білген және жинақталып қалған күйзелістің қысымын тарқатуға, жеңілдетуге көмектескен. Бізде мұндай жұмыстар оқу жылында іс жүзінде жүргізілмеді.

Мұғалімдердің көпшілігі тек үлгерім көрсеткіштеріне алаңдайды, бірақ оқушылардың психологиялық жағдайын ойламайды. Психологтар бүкіл мектепте біреу, сондықтан оның көптеген балаларды қамтуға уақыты болмайды. Менің ойымша, психологтар сынып жетекшілерімен белгілі бір жұмыс жүргізіп, оларды дайындауы керек, ал олар өз кезегінде “қашықтықтан оқыту” жағдайында оқушылармен әрдайым жұмыс жасап отыруы керек”, — дейді психолог.

Қайғылы статистика

Алайда, бар болғаны төрт ай ішінде (2021 жылғы қаңтардан сәуірге дейін)

Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасында 53 суицид орын алған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,2% – ға артық.

Тағы 120 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсады — бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға көп – 21 ұл және 99 қыз. Олардың көпшілігі толық отбасында өмір сүрген. Богатыреваның пікірінше, бұл өте пессимистік көрсеткіш.

Светлана Богатырева

– Қашықтықтан оқытуға келетін болсақ, жалпы, қалыптасқан жағдайға орай, пандемияны айтып отырмын, БҒМ қолынан келгеннің бәрін жасады деп есептеймін. Және ол қолда бар ресурстарға сүйенді. Ал басты ресурс — педагогтар.

Қашықтықтан оқыту форматы біздің мұғалімдердің көпшілігінде цифрлық сауаттылық деңгейінің қаншалықты төмен екенін көрсетті. Ең бастысы – өздерін дамыту мен жаңа білім беру технологияларын қолдануға ынталарының қаншалықты төмен екендігі. Бізде қашықтықтан оқыту емес, соған болар-болмас ұқсас түрде жүзеге асты.

Жасөспірімдерге шынайы қарым-қатынас, әлеуметтендіру жетіспеді. Бірақ қарым-қатынас орнатуды және қақтығыстарды шешуді үйрену – бұл осы жаста үйренетін басты міндеттердің бірі

Жалпы, мұғалімдер де, ата-аналардың өздері де психологиялық жағдайға аса алаңдамайды, олар үшін академиялық нәтижелер маңызды. Ал қазіргі пандемия жағдайында, керісінше, мұның бәрі қорқынышты сандарға айналмауы керек, – дейді психолог.

Физикалық саулық

Осылайша, Светлана Богатыреваның айтуынша, бұл күрделі мәселе.

Бұл оқыту әдістерінің жетілмегендігінде, оқыту деңгейінде және осы кезеңдегі балалардан талаптың жоғары болуында жатыр

Бірақ біз пандемия — бұл форс-мажор екенін түсінуіміз керек. Ол болашақта білім беру жүйесі де, ата-аналар да назар аударуы қажет олқылықтарды анықтады. Оқушылардың денсаулығы үшін спорт пен дене белсенділігі дмаңызды болып қала береді. Пандемия жағдайында спортпен айналысу тәсілдерін қайта қарау өзекті мәселеге айналды.

– Бір тәсілі, көпшілік жиналатын жердегі спорттан шағын топтармен жаттығуға көшу керек

Қазір, мысалы, Алматыда көптеген жаңа заманауи спорт алаңдары салынды, соларда жаттығуды оқшау түрде ұйымдастыруға болады. Меніңше, эпидемиологиялық жағдайға түзету енгізу керек, және ол қалыпқа түскенге дейін бәрі бұрынғыдай болуын талап етпеу керек.

Шындық өзгерді, және барлығымыз оған бейімделуге дайын болуымыз керек — білім беру жүйесіне де, отбасына да. Балалар үшін басты жауапты – ата-ана. Және де аналар мен әкелер, ең алдымен, балаларымен бірге осы жағдайға қалай тиімді бейімделу керектігін ойлануы керек”, — дейді психолог.

Ата-аналарды қолдау

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнованы да жасөспірімдер суицидінің статистикасы алаңдатып отыр. Оның айтуынша, болып жатқан оқиғалардың себептерін түсіну үшін мемлекет шаралар қабылдауы керек.

— Біз бұл көрсеткіш бойынша көптеген елдерден алда тұрмыз. Мүмкін, Білім және ғылым министрлігі психологтар одақтастығын құруы керек шығар. Қазіргі өте қайғылы және қасіретті жағдайды және оның себептерін түсіну үшін. Қандай өңірлерде суицид көп болғанын, оның себебі неде екенін және т.б. анықтау қажет. Осының бәріне қарамастан, бүгінде біздің балаларымызда демалыс жоқ екенін түсінуіміз керек. Үйде оқыған кезде олар онсыз да демалады деген пікірге қарамастан, демалыс балаларға қажет. Жоқ! Бұл өте күйзелісті жағдай, әсіресе балаға қолдау болмаған кезде. Үйде оған қолдау білдіріп, түсіністік танытса жақсы. Егер бала түсінбей жатса, біреулер қосымша сабақ оқытатын мұғалім жалдайды, енді біреулеріне ата-анасы немесе ата-әжесі көмектеседі. Бала барлық қажетті құралдармен, соның ішінде ғаламторда қол жетімділікпен қамтамасыз етілсе және ештеңеге мұқтаж болмаса жақсы.

Қиын жағдайда

Бұлардың ешқайсысы болмаған кезде — желіге қолжетімділік те, қалыпты гаджет те жоқ болса, жағдай мүлде басқа. Мұндай жағдайда бала білім ала алмайды, бірақ жауапкершілік сезімі болады және ол сабақ оқуы керектігін біледі. Бірақ мүмкіндігі жоқ. Бұған қандай да бір отбасының өмір сүру жағдайы себепші болуы мүмкін – мысалы, жалға алынған пәтерде тұрады, ақша жетіспейді және т. б.

Осы үрей, жауапкершілік және тіпті өзін кінәлі сезіну баланың әлсіз психикасына ауыр салмақ жүктейді,

– дейді Смирнова.

Ирина Смирнова, фото total.kz сайтынан

БҒМ кеткен олқылықтардың орнын толтыру үшін неге екі апта бөлді, бұл қысқа уақыт ішінде балалар жеткілікті білім ала алады деп ойлай ма? Бір жыл бойы ала алмаған білімді, екі аптада алуы мүмкін бе?

– Дегенмен, балалардың психикасын жақсартуға қамқорлық жасау керек. Олардың қайда екенін, қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын анықтасын. Әсіресе, мектеп алдын-ала анықтаған тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды.

Бұл балалардың сабақ оқыған-оқымағандарын, жазғы демалыстарын қайда өткізетіндерін білу керек. Олардың демалыстарын қамтамасыз етуді ойластыру қажет. Тамақтары, киім-кешектерінің бар-жоғын және келесі жылға қалай дайындалатынын білу керек

Шұғыл түрде жиналыс өткізіп, әр бала үшін осы мәселелерді шешу керек. Сондай-ақ, мүгедектігі бар балалар демалыстарын қалай өткізетінін көру қажет, – дейді депутат.

Лагерьлер ұйымдастыру керек

Ирина Смирнованың айтуынша, ақылы балалар лагерлері туралы хабарландырулар шыққан. Олар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып және демалушылар санын қысқарта отырып, балаларды қабылдап жатыр.

— Егер “Таудағы күн” сияқты лагерьлерде жұмыс істеуге болатын болса, қалғандарына да жұмыс істеуге болатын шығар?! Қазір мемлекеттік лагерьлер жоқ — олардың көпшілігі жеке. Бірақ бұрын олар мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін.

Енді жалпы оқыту аясында жыл басында балалардың демалысына бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанын БҒМ-нен білу керек

– деп қорытындылады Смирнова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз