Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиешісінің балаларға дөрекілік танытқан сәттері түсірілген кадрлар тарады. Видеодағы әйел баланы қолынан сілке тартып, үстелге қарай сүйреп апарады. Бұл кадрлар желі қолданушыларының арасында алаңдаушылық тудырып, олар құзырлы органдардан тиісті шара қолдануды талап етті.
Мән-жайды Қызылорда облыстық Полиция департаменті түсіндірді. Олардың мәліметінше, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау дерегіне қатысты полициямен қылмыстық іс қозғалған.
«Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның ішінде полиция бейнежазбаларды зерттеуде. Облыстық Білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізілді», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.