Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Бала тәрбиесіне арналған #ДанáМенБала атты кітап жарыққа шығады

366

#ДАНÁМЕНБАЛА – Дана Орманбаеваның 2018 жылы #МЫНЕРУГАЕМДЕТЕЙ деген атпен таралған бесінші публицистикалық еңбегі. Екі жылда оқырман жүрегін жаулап, бала тәрбиесі туралы ізденушілердің сүйікті туындысына айналып, отандық кітап сатылымының үздігі атанды. Бұл кітап Дананың алғашқы үш кітабы сияқты self-менеджмент тақырыбын, төртінші кітабы сияқты сенім феномені тақырыбын қозғамайды. Тұтастай бала тәрбиесі мәселелеріне арналған.

Біз балаларымызды дұрыс тәрбиелеп жатырмыз ба? Олар лайықты азамат болып өсуі үшін әке-шеше не білуі керек? Тәрбиелеуде ең маңызды мәселе қандай? Бала тәртіпті болу керек пе, бақытты болу керек пе? Оның бақытты болуына әке-шеше қалай әсер ете алады? Осы сұрақтардың бәрі кез келген саналы ата-ананы толғандырады.

Автордың пікірі бойынша,

үлкендердің бала тәрбиесі туралы осы уақытқа дейін білгендері ескірді, іске жарамай қалды, сәннен де шықты, ең қиыны дұрыс нәтиже бере алмай жатыр. Ал қазіргі «зеталар» – жаңа буын ұрпақтарына тәрбие беруде инновациялар керек.

Осы орайда автор өзінің 25 жылдық белсенді және саналы аналық тәжірибесімен өзіне тән мәрттікпен, кеңдікпен бөліседі. Автор #ДАНÁМЕНБАЛА кітабында ұсынған қарым-қатынас технологиялары, өзара сенім мен төзімнің модельдері шынымен таң қалдырады. Үш ұл, бір қыздың анасы Дана Орманбаева тәрбие жүйесін жаңа уақыт талаптарына сай қалыптастырған. Бұл білімнің бәрі тіпті болашақ буындарға да тиімді болары анық. Өйткені бақытты ата-ана болу үшін махаббат пен төзім ғана емес, сонымен қатар білім де қажет.

#ДАНÁМЕНБАЛА ғылыми әдебиет емес, түйгені мол ананың өмір тәжірибесінен алынған. Жалаң сөздер емес, ғылыми негізделген туынды. Автордың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі кітаптың құндылығын, оған деген сенімді арттыра түседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз