Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бала одан емес”. 70 жастағы астаналық ақсақал 50 жыл отасқан кемпірімен ажыраспақ

294

Қартайғанда қылық шығарған қарт туралы сырымен Алаш айнасының оқырманы бөліскен деп жазады NUR.KZ.

Астанадағы бақуатты ақсақалдардың бірі Батыр қария бір күні лифтіде 28 жастағы сұлу қызбен танысып, ғашық болып қалады. Біраз уақыттан соң қарт еш жерде жұмыс істемейтін бойжеткенмен бірге шетелдерді аралап, қызыққа батып жүреді.

Осындай бал күндердің бірінде сүйікті қызы қариядан жүкті болып қалғанын айтыпты. Ал бәйбішесінен екі қызы бар ақсақал бұл жаңалыққа қуанып, бірден өз жұбайына жеткізген екен.

«Басқа әйелмен…». Отбасылы еркектер әйелдерінің көзіне неліктен шөп салатындарын айтты

Жасы келген кемпірі қартайғанда қылмыңдай бастаған шалының барлық әрекеттеріне көніп, соңғы жаңалығын да қаз-қалпында қабылдапты. Алайда кейуана бұл хабарды қыздарына айтпауды жөн көрген екен.

Арада біраз уақыт өткен соң Күлзат әжей күтпеген жаңалық естіп, басынан жай түскендей күй кешеді. Қарияға үй де, көлік те алдырған жас сүйіктісі енді оған отбасымен ажырасып, өзіне үйленуін сұрап отыр екен. Ал ғашықтықтан есінен адасқан Батыр атай тіпті, тұрмыс құрған екі қызының беделін де ойламай, жас бойжеткеннің жетегінде кеткісі келетін көрінеді.

«Бағым жанбады». Ақбота Керімбекова жеке өміріне қатысты шындығын айтты

“Дүние-байлық не керек, дұрыс адам болып қартаймасаң. Ол қыздың көксегені- шалдың байлығы. Сол баланың осы шалдан болуына да күмәнім бар.

Қартайғанда “құтырып” өнер шығарғаны несі, бәрінен де күйеубалалардан ұят. Ертең олар қыздарыма не дейді, беттеріне баспай ма?

Балаларды ойламаған не деген әке еді. Қыдырсын, ішсін-жесін, бірақ “ажырасамыз” дегені өлтіріп барады”, – дейді көзіне жас алған Күлзат әжей.

Алмас Кішкенбаев әкесін білмейтінін айтты

Елдің сөзі тұрмақ, қыздарына да қайырылмаған ақсақалдың бойжеткенге қанша байлығын төгері белгісіз. Ал бәйбішесі өмір бойы адал еңбекпен тапқан ақшаларын өзге арудың қолды қылғанын қаламайтынын жеткізген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз