Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Бала қолынан айырылды: ата-анасын жазалау керек! – заңгер

386
ҚР Білім және ғылым министрлігі ІІМ мен Маңғыстау облысы әкімдігінен 8 жасар баланың ата-анасына қатысты шаралар қабылдауды талап етті. Бала қолын сындырған кезде, ата-анасы оны ауруханаға апармаған, бірақ емдеудің дәстүрлі емес әдісін таңдаған. Мұның соңы гангренаға айналған.

Бала дәрігерлерге осындай жағдайда жеткізілген

Баланың қолы қарайып кетсе де ата-анасы дереу ауруханаға апармаған. Нәтижесінде дәрігерлер қолын кесуге мәжбүр болды – сақтап қалуға болатын уақыт өтіп кеткен.

Балалар дәрігері Құрман Қайрановтың айтуынша, егер ата-анасы ауруханаға сәл кешіккенде, баладан мүлде айырылып қалуымыз мүмкін еді.

Сонымен бірге, баланың анасы емшіге ешқандай шағымы жоқ деп мәлімдеді. Оның үстіне, бір жыл бұрын үлкен ұлы қолын сындырған кезде де осы емшіге жүгінген. Шамасы, ол кезде сәтті шыққан болуы керек.

Қауіпті жағдайда қалған

Белгілі заңгер Жангелді Сүлейманов

ата-ана тарапынан өрескел немқұрайлылыққа жол берілген. Және оларды міндетті түрде жазалау керек

– ҚР “Неке және отбасы туралы” Кодексіне сәйкес, ата-ана 18 жасқа толмаған балаларына қамқорлық жасауға міндетті деп санайды. Қамқорлық ең алдымен денсаулықты сақтауда көрінеді. Олар сонымен қатар тамақ, баспана, киіммен қамтамасыз етуі және білім беруі керек.

Жангелді Сүлейманов

Маңғыстау облысындағы жағдайға қатысты, қорғаушы ретінде

ата-анасын ҚР ҚК-нің 119-бабы “Қауіп-қатерлі жағдайда қалдыру” бойынша жауапкершілікке тарту қажет екендігіне сенімдімін.

Онда былай делінген: “адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдай туындаған және жасы кіші, кәрілік, науқас немесе өзге де дәрменсіз жағдай салдарынан өзін-өзі қорғау шараларын қолдану мүмкіндігінен айырылған адамды әдейі көмексіз қалдыру”. Бұл жағдайда ата-анасы 14 жасқа толмаған балаға қамқорлық көрсетудің орнына қауіпті жағдайда қалдырған. Нәтижесінде оның денсаулығына ауыр зиян келтірілді.

Сауатсыздықпен тек осылай күресу керек

– Қолды кесу – бұл ақылға сыймайды! Ата-анасы оны ауруханаға апаруы керек еді, өйткені бала өзі жасына байланысты дәрігерді емшіден ажырата алмайды.

Иә, ата-анасы сауатсыз және “қараңғы”, бірақ бұл оларды заң бойынша жауапкершіліктен босатпайды. Жаза ретінде оларға 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы тиіс.

Менің пікірім – оларды бостандықтарынан айырудың қажеті жоқ, бірақ мен бостандықтарын шектер едім. Ал айыппұл 2 мың АЕК емес, кедей отбасы көрінеді, бірақ 200 АЕК-ті жазып берер едім – бұл төменгі шек. Яғни, 6 миллион емес, 600 мың теңге. Үкім шығару мен істі болуы маңызды”, – дейді ол.

Адвокаттың пікірінше, мұндай жағдайлар міндетті түрде жария етілуі керек. Адамдар мұндай емшілерге жолды ұмытуы үшін.

Емшіні қандай жазаға тарту керек?

– Анасы емшіге ешқандай шағымым жоқ деп мәлімдеді. Бірақ жаза тағайындауды анасы шешпейді

Өкінішке орай, заңда бізде “емшілік” ұғымы бар. Бұл дәстүрлі медицина арқылы медициналық көмек көрсету. Егер бұл емшінің Денсаулық сақтау басқармасы берген қызмет көрсету сертификаты болса, оны 317-бап – “Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы” бойынша жазаға тартуға болады.

Ол баланы ауруханаға жіберуі тиіс еді, бірақ олай істемеген. Осы әрекеті үшін оны үш жылға қамауға алуға болады.

Егер емшінің сертификаты болмаса, бұл 322-бап “Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет”. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айыру мен айыппұл салуды қарастырады, — дейді Сүлейманов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз