Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Балқашта ұсталған 8 лаңкеске үкім шықты

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Балқаш қаласында терактілерге әрекеттенді деген күдік бойынша ұсталған топтың сегіз қатысушысына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Сот отырысы судья Қайрат Қасымовтың төрағалығымен жабық тәртіпте өтті.

“Сот Бауыржан Спанбеков пен Ерлан Үсеновті жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Қайрат Үсеновті – 12 жылға қатаң тәртіптегі колонияға, Мұрат Махмутовты – 11 жылға қатаң тәртіптегі колонияға, Кеңес Ташмұхамбетовті – 12 жылға қатаң тәртіптегі колонияға, Бақытжан Абдышоқов – 10 жылға жалпы тәртіптегі колонияға, Нұрбол Қалашбаев 10 жылға жалпы тәртіптегі колонияға кесілді”, — деп оқыды сот үкімін судья Қасымов.

Сондай-ақ, сот сотталушылардың мүлкі мемлекеттің пайдасына тәркілеуге үкім етті. Сот үкіміне 15 күндік мерзімде шағым түсіруге болады.

Еске сала кетелік, Қазақстандық арнайы қызмет тобы 26-маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысындағы Гүлшат елді-мекенінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғылармен теракт ұйымдастырмақшы болған радикалды топты құрықтады. Гүлшат ауылында ұсталған террористтердің бірі өз-өзіне қол жұмсап, оқиға орнында қаза тапты.

Сол кездегі ақпарат бойынша, олардың бәрі салафизм радикалды ағымын ұстанушылар. Барлығы 8 адам қамауға алынды. Бұл іс Қарағанды облысы арнаулы ауданаралық қылмыстық сотында судья Қайрат Қасымовтың төрағалығымен қаралуда. Сот алдына сегіз айыпталушы келіп отыр. Топ мүшелері Қазақстан территориясында теракт ұйымдастырмақшы болған. Басты нысанға бірнеше жерлер алынған, солардың бірі Балқаш қаласы маңындағы ресейлік әскери бөлімше еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз