Балқашта сәбиін саудалаған ана ұсталды

Қарағанды облысы ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарамасының қызметкерлері Балқаш қаласында тұратын 22 жасар азаматшаның өз баласын сатуға бағытталған әрекетінің алдын алды, — деп хабарлайды аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 31-мамырында облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарамасына облыстағы металлургтер қаласында 22-жасар ана өзінің 2 жастағы бүлдіршінін сатпақшы деген жедел ақпарта келіп түскен.

— Шектен шығатын осындай хабар алған тәртіп сақшылары арнайы жедел іс-шаралар өткізу барысында

22 жастағы безбүйрек ананы сәбиі үшін 30 мың теңге сыйақы алып жатқан кезінде құрықтады,

делінген таратылған хабарламады.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 135 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азаматша уақытша ұстау абақтысына қамалды.