Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кеңес барысында Астана қаласының 2018–2023 жылдарға арналған ықшам құрылысының кешенді жоспары талқыланды.
Жоспарда жол-көлік инфрақұрылымын, елорданың жаңа көлік жүйесін (LRT), индустриялық парктерді дамыту, газдандыру, жылу және электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерін, су тарту, жауын-шашындық кәріз жүйесін дамыту мәселелері қарастырылған.
Фото: primeminister.kz