Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бақыт Сұлтанов “Нұрлы жол” бойынша Үкіметке есеп берді

Оны министр былай түсіндірді:

«Бұл қаржыны игеру үшін оны бөлу мәселесін республикалық бюджет бойынша комиссияның қарауына қайта ұсыну керек болып тұр. Өйткені ол арада тез шешімді қажет ететін мәселелер бар.

Мысалы, Маңғыстау облысында құны 1 млрд теңгені құрайтын 3 білім беру мекемесінің, сол секілді Ақмола облысында құны 184,7 млн теңгені құрайтын құс фабрикасына арналған инженерлік инфрақұрылым құрылыстары тоқтап тұр. Өйткені олардың мәселесі сотта қаралып жатыр.

Бұл – бір.

Екіншіден, биылғы жылдың 9 ай бойына құны 456 млн теңгені құрайтын Аягөздегі мал соятын цехтің инженерлік желісінің, 455,8 млн теңгенің Қарағанды облысындағы 600 орындық мектептің құрылыстары бойынша жүргізілген конкурс ұзаққа созылып, оның қорытындысы сол күйі жарияланбай қалды. Бұл арада, міне осындай мәселелер бар», — деді Бақыт Сұлтанов.

Министр өз кезегінде бөлінген қаражаттың дер уақытында өз мақсатында игерілудің жолын да ұсынды.

«Ұлттық экономика министрлігі қарашада бюжеттік бағдарламаларды орындаушыларға халықаралық қаржы ұйымдарының жобасын жүзеге асыру үшін 6,9 млрд теңгені бөліп беруі керек. Ал Инвестициялар және даму министрлігі «ҚазАвтоЖолмен» бірге 6,4 млрд теңгенің жобасы бойынша конкурстың дер уақытында өтуін қадағаласа дейміз.

Білім нысандары құрылысына қосымша қаражаттар бөлінсе. Ол үшін Білім министрлігі жергілікті атқарушы органдармен трансферттің жалпы көлемін есептеп, өзара келісімшарт жасасуға дайындықты ұйымдастырса, жергілікті атқарушы органдар қарашаның соңына дейін конкурстарды тәмамдап, келісімшарттарды тірекді қадағаласа», — дейді ол.

Министр жыл аяғына дейін бөлінген қаражатты толықтай игеру көзделіп отырғанын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз