Париж Олимпиадасында боксшы Махмұд Сабырхан жеңіліс тапқан соң желіде елдегі бокстың даму қарқыны талқыланып жатыр. Бұған Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев та өз пікірін айтқан болатын.
«Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта тыныс алулары қиындап, рингте әзер жүр. Соққы тым аз. Комбициялық соққылар мүлдем жоқ. Үш минутта қанша соққы жасауға болады? Физикамен айналысады деп шақыртқан мамандары қайда қарап жүр? Кешенді ғылыми топ мүшелері не бітіріп жатыр? Неге біздің боксшыларға шаршы алаңда дем жетпей қала береді? Неге үш раундта аяққа тұрып үйренбейді? Бәрін шұбырып не бітіріп жүрсіңдер?», – дейді Бақыт Сәрсекбаев.
Чемпион жауаптыларға әрбір бокшы лицензия алғаннан кейін Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді, тәжірибе бар деп сұрақ қойып, өзінің тәжірибесін алға тартып отыр.
«Мен Бейжің Олимпиадасына дейін жарты жылда 22 кездесу өткіздім. Ал бас бапкер айтарға сөзім жоқ», – дейді ол.