Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бақтияр Артаев: Альварес Головкинге төтеп бере алатындай боксшы емес

Сіздің ойыңызша жекпе-жек қалай өрбиді?

– Қызыққа толы кеш болары сөзсіз. Себебі екі мықты боксшы жұдырықтасады. Менің ойымша бастапқы үш раунд қызықсыз болады. Олар бірін-бірі зерттеп, тәуекелге бармайды. Үшінші раундтан соң ашық соғыс кетеді, бұл жерде Гена бокс кешінің тағдырын шешіп тастауы да мүмкін. Альварес Головкинге төтеп бере алатындай боксшы емес. Джейкобс Головкин үшін ыңғайсыз қарсылас болды, ол жылдам болды. Сонымен қатар, Гена ол жекпе-жекке аса қатты дайындалмаған секілді, себебі, тез жеңіп шығар еді. Ол үшінші раундта нокдаун болған сәтте барлығын шешіп тастайтын еді, бірақ менің ойымша ол қарсыласын дұрыс бағаламаған секілді. Жалпы, сол жекпе-жек өте жақсы өтті. Джейкобстың бойы да салмағы да жоғары болды. Ал Альвареске келер болсақ, Гена одан ірірек, күштірек әрі мықтырақ. Ашық жекпе-жек басталған сәтте алтыншы мен тоғызыншы раундтар арасында Гена осы кездесудің тағдырын шешеді.

Сіздің ойыңызша нокаут бола ма?

– Бірнеше нокдаун болары сөзсіз.

Көптеген маман Головкиннің әуесқой бокста көп жұдырықтасқанын жақсы тәжірибе деп айтады. Сіздің ойыңызша қалай?

– Мен олай ойламаймын. Альварестің осыдан төрт жыл бұрын қандай болғанын білемін. Қазір ол тым көп салмақ қосып алды. Бірақ ол Головкинге тұрарлық қарсылас емес. Егер Головкин Мейвезермен жекпе-жекке шықса және бокстың өте қызық болатынына сенімдімін және жеңімпаз кім болатынын айта алмаймын. Себебі Мейвезер – өзін жамандыққа оңай бере қоймайтын үздік боксшылар қатарында.

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. «Канело» – Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Дереккөз: Vesti.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз