Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Бақай» тобы «Кім кінәлі?» әнін жаңа стильмен шығармақ

221

“Көп сыналды, шалыстар, көре алмаушылықтар көп болды. Әрине, ондай болу керек. Сынды көтере білу керек деп ойлаймын. Әр нәрсе өз заманында болғаны дұрыс. Біреулер айтып жатады, сендер заманынан ерте шығып кеттіңдер деп”, – дейді “Бақай” тобының негізін қалаушы Бек Шәріп.

Көп сыналғанымен, бұл әннің хит-парадтарда алдыңғы орындарда тұрғанын жасыруға болмас.

“Біздің ең басты паспортымыз “Кім кінәлі?” деген ән”, – дейді Бек Шәріп.

Бек Шәріптің айтуынша, аталған ән әлі күнге дейін мазмұны мен мағынасын жоғалтпаған. Сондықтан да оған жаңа дем беруді ұйғарғанын айтты әнші.

“Біз оны қайта жаңартып жазып жатырмыз. Өйткені баяғы ән, оның аранжировкасы басқа, стилі ескірді. Мүмкін тыңдармандарымыз әлі де тыңдағысы келеді деген үмітпен”, – дейді топтың негізін қалаушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз