АҚШ президенті Дональд Трамптың аға көмекшісі қызметіндегі күйеу баласы Джаред Кушнер ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесші Майкл Флиннмен бірге АҚШ-тағы Ресей елшісі Сергей Кислякпен кездескен. Бұл туралы The New York Times газеті жазды.
Басылым дереккөзінің мәліметі бойынша, кездесу Нью-Йорктегі Трамп-тауэр мұнарасында өткен жылы желтоқсанда, Трамптың ресми түрде қызметке кіруі қарсаңында өткен. Газет өтпелі штаб өкілдерінің шетелдік шенеуніктерімен кездесуіне тыйым жоқ екенін жазды, бірақ бұл кездесуге Ресейдің АҚШ-тағы сайлауларға араласуын тергеуге байланысты ерекше көңіл бөлініп отыр.
Биыл ақпанда президенттік ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн жұмыстан кетті, оның Вашингтонда ресейлік елшімен телефон арқылы Ресейге қарсы санкцияларды талқылағаны әшкере болған.