Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Астаналық кәсіпкер студент кездегі ғашығымен 20 жылдан кейін қосылды

342

«Бір жерде оқыдық. Студент кезде Жанарды  ұнаттым. Киноға да шақырдым. Жанар орыс группасында оқыды, мен қазақ бөлімінде едім. Шынын айту керек мені менсінбеді ол кезде. Бірде ортақ достарымыз әлеуметтік желіден топ ашты, нның ішінде Жанар да бар екен. Барлығы «Жанардың 10 баласы бар. Президенттің қабылдауында болыпты» деп жазып жатты. Мен де арасында құттықтап қойдым. Артық еш ойым болған жоқ. Күйеуі бар шығар деп топшыладым. Бірде Жанар «Кім көмектесе алады, сыртта көмірім қатып қалды» деп жазды. Мен көмектесейін деп шештім.

Телефонмен сөйлестік, мекен жайын айтып, мені сонда жіберді. Барсам өзі жоқ, балалары бар екен. Көмірді ерітіп үйлеріне кіргізіп беріп кеттім. Тағы бір күні Жанар әлеуметтік желідегі топқа «Кім көмір жеткізіп бере алады?» деп жазды.
https://kaz.365info.kz/bir-khazakh-dombyramen-yyatsyz-tolgau-ajtyp-otyr-18-292221

Тағы да мен көмектесе алатынымды айттым. Үйіне көмір жеткізіп бердім. Осыдан кейін оның күйеуі жоғын түсініп, жақыннан сөйлесе бастадық. Кездесіп, студенттік шақты еске алдық. Ортақ таныстарымыз жайлы, жұмыс жайлы сағаттап сөйлесетін болдық.

Ақыр соңында, Жанарға он баланы жеткізуге көмектесейін деген ұсынысымды айттым. Студент кездегі шапшаң қимылдайтын, өзінің жеке пікірі бар, белсенді қызға деген махаббатым жүрек түкпірінде әлі жатқанын түсіндім», – дейді заңгер әрі кәсіпкер Жәнібек Қабанов.

Жәнібек Қабановтың бірінші некесінен 3 баласы, Жанар Байжулдинова бірінші отбасынан екі перзенті бар. Ол өзге 8 баланы жетімдер үйінен асырап алған. Қазір 14-перзентін күтіп отыр.

“Екінші баламды дүниеге алып келгенде ол талма ауруымен, ДЦП мен туды. Сол кезде Аллаға жалбарынып отырып, жетім-жесірге қамқор боламын деп уәде бердім. Дарияжан есімді шақалақты 4 айлығында Шымкенттегі балалар үйінен асырап алдым. Үйге келіп білсем оның да денсаулығы дұрыс емес екен. Түндерде екі мүгедек баламен қиналып кетіп жылайтынмын.
https://kaz.365info.kz/zhardy-zhardy-khyzyp-algan-bir-khazakh-tojda-bylaj-biledi-304913
Кейде күлетінмін «Менің істеп отырғаным не?» деп сұрақ қоятынмын.»Өзімде бір мүгедек бала, енді мына қыз қосылды. Не істесем болады » деп уайымдайтынмын. Құдайдың құдыреті күшті екен. Балам осы Дарияжанды асырап алғаннан кейін дертінен айыға бастады.

Дарияжанның да жүрегі бұрыңғыдай көп мазаламайды. Ойнап жүгіріп кетті. Содан балалар үйіне барып, туысқан балаларды бөліп-жармайын деген оймен, барлығы сегіз баланы екі жылдың ішінде өз қамқорлығыма алдым», – дейді Жанар Байжулдинова.

Ата-аналар қазір үш баласын Қытайда дайындық курсында оқытып жатыр. Болашақта барлық баласына тіл үйретпек ниетте.
https://kaz.365info.kz/almatyda-bir-khazakh-zhezokshelermen-demalyp-750-myn-tenge-zhymsapty-269792

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз