Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Байы жоқтар әуелі бай тауып алыңдар

144

Тағы бір машина келіп тоқтайды. Күйеуі түспейді. Әйелі өзі түседі де кіріп кетеді. Байы темекісін тұтатып сыртта қала береді. Көзінде мағынасыз бір ой: “Таң атқасын, кештің бататыны қалай анық болса, бұ қатынның әйтеуір бір туатыны анық”. Тәк бұлар екінші немесе үшінші баладан үмітті.

Одан кейін шаршап-шалдығып бір әйел келе жатады. Жааааяяяяуууу. Қарынын әзер сүйреп келеді. Күйеуінің қарасы көрінбейді. Абайсызда тағы көтеріп қалғанына өзі кінәлі ме, қалай? Бұл енді точно төртіншіге ауыраяқ…

Ең, қызығы сол – бесінші балаға ауыраяқ әйелдер көп келе бермейді. Олар үшін айма ай келіп тексеріліп тұру уақытты бекерге өлтіру. Сосын роддом мәселесінде біріншіге ауыраяқтарда угроза көп болады. Сәл былп етсе, сылқ ете қалады. Және туарынан 10 күн бұрын барып жатады. Жеуге болмайтын заттарды терезеден кіргізіп жеееееп. Ал, төртіншісін босанатын әйелдер түнгі 10-да барады да, 11,30да босанып түк болмағандай жатады…

Әкелерге келсек, бірінші баланы күтіп жүргендер әйелі емханаға баратын күні жиналыстан қалып тұрып барады. Ал, төртіншінің кандидаттары істерге іс таппай бос жатса да бармайды.

Барлық әйелдердің екіқабат болуына тілектеспін… Әрине байы барлардың. Байы жоқтар әуелі бай тауып алыңдар. Алла тілеулеріңді берсін.

 

Бейбіт Сарыбай,

Фейсбук парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз