Кремний алқабының IT-миллионерлері ақырзаманға алдын ала қамдануда, олар қару-жарақ, оқ-дәрілер, мотоциклдер мен жерасты бункерлерін сатып алуда.
Бұл туралы The Independent газетіне сілтеме жасаған Риа Новости хабарлайды.
Сол секілді Facebook-тың бұрынғы менеджері Антонио Гарсия Мартинес Тынық мұхитындағы аралдан жер алып, күн батареяларымен жабдықталған үй тұрғызған. Сондай-ақ қару-жарақ сатып алған. Reddit-тің бұрыңғы бас директорының пікірінше, бункерлерді жабдықтауға кеткен шығын өз-өзін ақтайтын болады.
Басылымның жазуынша, алдыңғы қатарлы IT-мамандар жасанды ақылдан қатты қорқады. Болашақта «ақылды құралдар» көптеген жұмыс орнына ие болып, адамзатқа қарсы бүлік шығаруы мүмкін, деп жазды The Independent.