Байқоңыр ғарыш айлағынан бейсенбі күні әскери мақсаттағы ғарыш құрылғысы бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды.
Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, ТАСС хабарлады.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ресейдің қорғаныс министрлігінің ғарыш құрылғысы бар күрделі сыныптағы «Протон-М» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды. Зымыранды ұшыруды Ғарыш әскерінің қолбасшысы – әуе-ғарыш күштері бас қолбасшысының орынбасары, генерал-полковник Александр Головко өз басшылығына алды. «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшырудан алдыңғы және оны ұшыру операциялары штаттық режимде өтті», – деп мәлім етті РФ Қорғаныс министрлігі.