Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Байқап сөйле!”. Ақ үй аятолла Хаменейге қатаң жауап берді

Вашингтондағы әкімшілік өкілі Иранды бұрынғы президент Обама әкімшілігі кезінде қабылданған ядролық келісімге құрметпен қарамай отыр деп айыптады. Шон Спайсердің мәлімдеуінше, президент Тегеранның ирандық ядролық келісімді бұзуына жол бермейді.

Бұған дейін Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеи ирандық әскери қолбасшылар алдында баяндама жасап, тұтас бір ұлтқа шектеу енгізген АҚШ өзінің шынайы келбетін көрсетті деп мәлемдеді. “Трамп өз әрекетімен АҚШ-тың басқару жүйесі саяси, экономикалық, әлеуметтік және моральдық жемқорлыққа батқанын растады”, – деп мәлімдеді Иранның аятолласы.

Дональд Трамп билікке келгелі бері АҚШ Иранға бірқатар санкция енгізді, олар Иранға америкалық сыртқы саяси қысымды күшейтеді деп бағаланды. Ақпан айының басында Вашингтон Тегеранға баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізуге болмайтынын ескерткен еді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз