Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Байдың үйіндегі алтын унитазды көрген астаналық жігіт шалқасынан түсе жаздады

Ер адам әжетханаға кіріп, алтын унитазды көргенде өз көзіне сене алмағанын есіне алды.

“Әжетханаға кіргім келіп, есікті ашқанда, есеңгіреп қалдым. Оның қасында біраз уақыт не істерімді білмей тұрдым. Тіпті мұнда дәрет сындырғаным дұрыс бола ма деген ой мазалады. Бәлкім сән үшін тұрған болар деп ойладым.

Алайда ақыры ісімді тындырып, әзіл үшін унитазда отырған күйі селфи жасап аламын ба деген ой келді”, – дейді Астана тұрғыны.

Қонақтар жиналғаннан кейін қожайынның өзі алтын унитазымен мақтанып, оларға экскурсия жүргізіпті. Дегенмен онда қонақтарға дәрет сындыруға тыйым салынған екен. Тек қожайынның өзі аталмыш унитазға отыра алады. Коттеджде қонақтарға арналған тағы бір қарапайым әжетхана бар болып шықты.

“Қожайынына мен ештеңе айтпадым. Ренжіп қалып жүрер. Шынымды айтсам, бұл мақтаншақтықты мен түсіне алмадым – жұрт ақшасын қайда жіберерін білмей жүргенге ұқсайды. Бұл унитазда қанша келі алтын барын ойлап көріңіз. Қыруар ақша. Ақылға қонымсыз”, – деп күйінді азамат.

Айта кетерлігі, қытайлық кәсіпкерлердің сөзіне сенсек, Қазақстанның байлары олардан алтын унитазды жиі сатып алып жатады екен. Мәселен, 24 караттық таза алтыннан жасалған унитаз Қытайда 80 мың доллар тұрады. Ал Қазақстанда оның бағасы әлдеқайда жоғары.

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз