Бахтияр Артаев Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы айқасқа қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Ең қуаныштысы, елдің көптен күткен кездесуі әйтеуір болайын деп жатыр. Жылдар бойы күткен айқасқа шамалы күндер ғана қалды. Сондықтан, тойдың боларынан боладысы қызық дейді ғой (күлді). Өйткені, екі мықты шыққан кезде кей жағдайда қызық жекпе-жек болмайды. Мәселен, Пакьяо мен Мейвезердің кездесуін елдің бәрі асыға күтті ғой…
https://kaz.365info.kz/opasyzdardy-keshiruge-bola-ma-255656
Екеуі шыққан кезде (Головкин – Канело) үшінші, төртінші немесе бесінші раундқа дейін бір-бірінен сескеніп жүруі мүмкін. Одан ары қарай төртінші және бесінші раундта екеуі ашылады. Қызықтың көкесі сол кезде басталатын секілді. Өйткені, екеуі де панчер. Екеуі де бір-бірінің шамасын біле тұрып, аса сақтық танытады. Нокаут бола қоймайды. Бұл жерде екеуі де былайша айтқанда, құдайы бар жігіттер… Айқас аяғына дейін болады. Ұпай санымен Геннадий ұтатын секілді. Бірақ, жекпе-жек барысында Гена Альваресті бір-екі ногдаунға жіберуі керек. Өйткені мен білетін Генаның күш-қуаты мықты.
Бір қауіп бар, Гена Кэл Брукпен шыққандағыдай, қолын түсіріп, «ұрсаң ұр» дегендей айқасқа түссе, Алварес пайдаланып кетуі мүмкін.
Ондай қателікке бармай, сақ болып жүру керек. Ұпай санымен ұтпаса, нокаутқа жіберу оңай болмайды», – деді Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бахтияр Артаев.
https://www.youtube.com/watch?v=IuhknARgNC0
https://kaz.365info.kz/ajelinizdi-konildespen-ystap-alsanyz-ozinizdi-kin-l-niz-262040