Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Баха өте жақсы жігіт”. Баян Есентаеваның жан құрбысы ағынан жарылды

133

Ол өзінің Instagram парақшасында өз ойын ашық айтты.

“Алдымда жатқан кiтап туралы жазу маған оңай емес… Өте қиын. Ойым шатасып отыр… Бiрақ тiс жармай отыру да құқым жоқ шығар. Баян Мұхитденовамен танысқанда жасым 17-де болатын. Қазiр 42-демiн. Өмiрдiң көбi кетiп, азы қалды. Бақытбек пен Баянның отбасы – мен үшiн ерекше ыстық, жақын, бауыр басып қалған, үлгi алатын жанұя болатын.

Баян мен Бақытбек танысқан кезде мен сол сәттiң куәсi болғам.

Баха мен Баянның тойында мен қыз жолдас болдым, Айсәулеге кiндiк шеше атандым, содан берi 25 жыл зуылдап өте шығыпты…

Бiр жыл бұрын барша елге мәлiм болған қайғылы оқиға төбеме жай түскен оқиғалардың бiрi болды. Сырт көзге мiнсiз, махаббат пен берекеге толы семьяның шаңырағы қақ жарылды. Бұл жерде маған бiрнәрсе айту, сараптау өте қиын, расымды айтсам. Баян бала кезiмнен келе жатқан құрбым. Баха – құрбымның жиырма екi жыл бойы отасып келген жан жары, қыздарының сүйiктi әкесi.

Ешқашан Баханың жаманшылығын, көрген емеспiн.

Ауыр сөзiн естiген емеспiн. Баянға деген шексiз махаббатының күәсi болдым. Бiрақ, Баянның жүрегiнде махаббат деген сезiмнiң орны бос болған екен… Оның толыққанды жай жапсарын кiтаптан оқып бiлдiм…

Бұл отбасының тағдыры осылай қайғылы аяқталғаны мен үшiн ауыр. Бұл кiтап – Баянның жанайқайы деп бiлемiн. Толассыз талқыға түскен оқиғаға қойған нүктесi.

Баянға бар тiлерiм – кездестiрген махаббатың үмiтiңдi ақтасын. Ал Бақытбек аман-есен шығып, өзiн шынайы сүйетiн қызды жолықтырсын. Ол оған лайықты азамат…”, – деп жазды ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз