Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Бағлан Майлыбаев 5 жылға сотталды

Астана қаласының №2 Есіл аудандық соты 2017 жылдың 13-маусымында Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы мен Галихин Николай Николайевичке қатысты қылмыстық істі қарап, оларды ҚР ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігі және 185-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.

Сот үкімі бойынша Майлыбаев мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Галихин 4 жылға бас бостандығынан айырылды және мемлекеттік қызметте 3 жыл істей алмайды.

Сонымен қатар, сот үкімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне сотталғандарды мемлекеттік сыйлықтан айыру туралы ұсыныс жасалды. Үкім заңды күшіне енді. Сот отырысы жабық түрде өтті.

Еске сала кетейік, Бағлан Майлыбаев 16 қаңтарда қамауға алынған болатын. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Майлыбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 185-бабы 1, 3-тарауында көзделген (“Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету”) қылмыстарды жасады деген күдікпен ұстаған еді. Сондай-ақ, мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкері Николай Галихин ұсталған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз