Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бағдат Мусин: Қазіргі жастар 4 жыл тайраңдап бос жүреді, тек диплом алса болды

Мусин Сүлеймен Демирел атындағы университетте кездесу барысында бір студенттің өзіне қойған сұрағын еске алды.

«Егер 4-курса ІТ саласында түк білмейтініңді енді түсініп, бұл мамандықтың өз табиғатыма сай келмейтінін білсем, не істеуге болады деп сұрады бір студент. Мен өзің қалаған іспен айналысу керек екенін айттым. Ақыры өзің мен өзгенің алдында мұның сенікі емес екенін мойындауға батылың жетіп тұр ма, онда қалған бір жыл уақытыңды да жоғалтпай басқа мамандыққа ауыс дедім», – дейді Бағдат Мусин.

Төраға өзінің басынан осыған ұқсас жағдай өткенін мойындады. Айтуынша, түсінбей жүрген саласын оқу бітіргенше өздігінен үйреніп сынақты жақсы бағаға тапсырып шыққан.

«Digital design сабағында бір топта оқитын жігіттің лазерлі дабылды өзі жасай алатынын көрдім. Осыдан соң мен оқу әдісімді аумыстыру керек екенін түсіндім. 3-курста жобаларға қатысып, бағдарламаларды үйрене бастадым. Шын білімді болсаң, ол болашақ өмірде керекке жарайды», – деп жазды Бағдат Мусин.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз