Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бақытбек Есентаев қылмыс жасамадым дейді

Бекболат Жексейітов, Б.Есентаевтың адвокаты:

– Мемлекеттік айыптаушы барлық баптар қалады деді. Біздің де бұған қарсы өз айтарымыз бар. Бақытбек Есентаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауы себепті оны ақтауды сұрадық.

Процесс жабық жағдайда өткендіктен нақты қандай мерзім туралы сөз қозғалғаны әзірге құпия. Баян кешірім бергеніне қарамастан жаза жеңіл болмайтын секілді. Ал облыстық сот айыптау қорытындысын алқа билер үкім шығарғанша жалпақ жұртқа жария етпейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, 10 маусым күні шетелден оралған әртіс әйелін өлімші етіп сабаған Бақытбек Есентаев Қылмыстық Кодекстің бірнеше ауыр бабы бойынша жауапқа тартылып жатыр. Нақты айтқанда, «адам өлтіруге оқталды» және «зорлау» баптары бойынша айып тағылған.

hqdefault

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз