Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бағаны төмен ұстаған „ҚазМұнайГаз„ да бензинді қымбаттатты

Компанияның мәлімдеуінше, жаңа көтерме бағамен алынған бензин сатылымға шығарылғандықтан, «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттеріндегі баға қымбаттаған.
«Бағаны мемлекеттік реттеу тоқтатылған соң, көтерме баға мен РФ импорт құны баға түзілімінің негізгі факторы болады. ҚР жалпы тұтынатын бензиннің 30 пайызы Ресейден импортталады. Екінші тоқсаннан бастап, мұнай өнімдерінің көтерме бағасы қымбаттады. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС әлеуметтік-бағдарлық баға саясатына сүйеніп, төмен бағамен алдын ала жинақтаған қорын сатылымға шығарды. Қор тауарлары сатылып бітті, енді жаңа көтерме бағамен алынған жанармай қымбаттырақ бағамен сатылады», – делінген «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС.

Сонымен қатар, компания «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттеріндегі бағаның әлі де нарықтық бағадан төмен екенін атап өтті.

«Бөлшек сауда құны көтерме бағамен тікелей байланысты. Әзірге көтерме баға тұрақталды, бөлшек сауда құны да жақын арада бірқалыпқа түседі», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттеріндегі бензин көлемі туралы әңгімеледі.

«Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда, АИ-92 сату көлемі 30 пайызға артқан. Сұраныстың көбейгенін ескере отырып, тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ҚМГӨ жанар-жағармай материалдарын ұлғайту туралы өтінім берді, осылайша қорды тұрақтандыру мүмкіндігі пайда болды», – деді компания.

Бұған дейін Астанадағы «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттерінде Аи-92 маркалы жанармайдың қымбаттағаны хабарланған еді. Сұранысқа ие отын Астана мен Қазақстанның өзге қалаларында 5 теңгеге қымбаттаған. Енді оның 1 литрі 128 теңге емес, 133 теңгені құрайды. ҚМГ жанармай бекеттеріндегі Аи-95 бензинінің литрі 145 теңгеден сатылып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз