Адам қандай өзі? Біліп болмайсың. Өзгенің кемшілігін іздеуге шебер, өзінің кемшілігін көрмейді. Өзгені табалауға шебер, өзінің қателігін мойындамайды. Осылай өтеді өміріміз. Ақын Асылзат Арыстанбектің мына бір жылы жазбасы көптің көкейіне ой салар деген пікірдеміз.
…
Үнемі жұмыстан қуылып, жолы болмайтын адамның күндердің күнінде бір мекеменің бастығы болып отырғанын көрсек, күндейміз. Баяғыда жұмысқа тұрақтамайтын еді, шіреніп бастық боп қапты деп. Одан осындай жетістікке жету үшін не істегенін сұрамаймыз.
…
Бірнеше рет шаңырақ көтеріп, соңы ылғи ажырасумен аяқталып жататын жігіттің берекелі отбасының тірегі болып, көп балалы əке екенін көрсек, сенбейміз. Талай əйелдің обалына қалып еді, мынаумен қалай тұрып жатыр екен деген күмəн тұрады.
…
Жетістікке жету жолында адам баласы сан соқпақтан өтеді. Сүрінеді, қауқары болса қайта тұрады. Бəлкім əп дегеннен жолы бола қоймас, бірақ өмірдің əрбір сəтін сабақ деп білген адам түбі бір нəтижеге жетері хақ. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді.
…
Менің өткенім мен бүгінімді, отбасымды, жай-күйімді, осал тұстарым мен артықшылығымды білетіндердің мысқылға толы пікірлерін оқып қалып жатамын. Түсінем. Несіне жетісіп ақыл айтып отыр деген емеурінді сезінем.
…
Өмір өтпелі. Менің басымнан өтуі мүмкін емес деген жағдайларға тап болғанда, өкінесің. Кезінде өзім де талайларға “мұның дұрыс емес” деп ақыл айттым. Біраз досымнан қателіктерін кешіре алмай қол үздім. Көбін сыртынан əңгімеледім, табалаған кездерім де болды, жасырмаймын. Бірақ, өмір сен қабылдамаған нəрсемен бетпе-бет қалдырғанда, бəрі басқаша екенін түсінесің.
…
Өмір қатып қалған теорема емес! Бір оқиға бірнеше адамның басынан бірдей өтуі мүмкін. Бірақ шешімі əр түрлі.
Жазбаларым -жаңылысқан сəттерімнен алған сабағым. Тəжірбием. Ол да өмірдің əр сəтінде өзгеруі мүмкін. Өз сөзім -өзімдікі. Кəдеңізге жарап жатса – мархабат!