Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бұлар кімдер? Қазақстанда қос құжаты барлар тайраңдап жүр

Шетел азаматтығын алу туралы хабарламағаны үшін жауапкершілікке 294 адам тартылды, оның ішінде 166-сына айыппұл, 128-іне ел аумағынан шеттету жазасы қолданылды. Атап айтқанда, ҚР Конституциясының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Осыған байланысты егер басқа мемлекеттің азаматтығын алса, «ҚР-дың азаматтық туралы» Заңына сәйкес қазақстандық азаматтық жойылады.

Қазақстандық азаматтықта тұрған және шет мемлекеттің азаматтығын алған адамдар басқа азаматтықты қабылдаған күннен бастап отыз күннің ішінде Қазақстанның ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне шетелдік азаматтықты қабылдаған фактісі туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Шетелдің азаматтығын қабылдағаны туралы белгіленген мерзім ішінде хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз