Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бүйтіп бергеннен бермегені артық!”. Мүгедектер сапасыз қоларба ұстатқан мемлекетке наразы

Тағдыр жазуымен жүруден қалған жандардың бірі Анар Үкібаева:

– Берген арбаларының дөңгелегі нашар, өйткені, доңғалақтың сымдары қисайып кетеді. Қисайған соң, дұрыс жүре алмайды. Оңға, солға жүріп кетеді. Осыдан кейін тиісті орындарға бірнеше рет бардым, хабарластым, бірақ, еш нәтиже шықпады. Амал жоқ, мен өзім үшін басқа арба сатып алдым, өйткені, бұл менің аяғым, дұрыс жүріп тұруым керек қой,-дейді.

Ал, «Сынақ» мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту және әлеуметтік құқықтарын іске асыру, қорғау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мұрат Жетпісбаевтың сөзінше, тегін берілген арбалардың сапасыздығын айтып көптеген мүгедектер көмек сұрап келеді екен.

Бірлестік төрағасы оларға ауыстырып алуға қатысты құқықтарын түсіндіріп, қолдан келгенше кеңес беремін дейді. Десе де «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандарды кресло-арбамен қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алу байқауы арқылы жүзеге асырылады. Байқау жеңімпаздары болса қоларба сатып аларда тауардың сапасынан гөрі, санына мән беріп, пiшiнiн ескермейді екен.

«Мәселен, дене пішімі кіші адам үлкен коляскаға отырады, оның белі майысады, ыңғайсыз болады. Дене пішімі үлкен адам, кішкентай арбаға отырса, оны қажайды, жара болады. Қабілетсіз болады көп нәрсеге. Сондай нәрселер ескеріле бермейді. Егер мемлекет тарапынан қоларбаға бөлінетін қаражат сол мүгедектің өзіне берілсе, онда ол өзіне лайықты, сапалысын сатып алар еді. Бірақ, оны заң көтермейді», -дейді ол.

Бұл мәселеге орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары қоларбалардың сапасына мердігерлер жауапты екенін айтады.

«Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, жеңімпаз болып шыққан мердігер оның сапасына жауап береді. Ал, енді сатып алынған қоларбалар сапасы түзілген келісімшартқа сәйкес, жеңімпаз мердігер кепілдік береді. Ол кепілдік бір жыл ішінде жарамды болып саналады», – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Шолпан Әбілдаева.

Бүгінде еліміздегі мүгедектердiң 17 пайызы оңтүстік өңiрінде тіркелген. Соңғы 3 жылда қоларбаға 664 миллионнан астам теңге жұмсалған. Ал, өткен жылы облыста мүгедектерді қоларбамен қамтамасыз ету үшін 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлініпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз