Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Бүгін Күлікбаев дөрекілік танытқаны үшін сот залынан қуылды

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов осыған дейінгі сот отырыстарында сот өкілдеріне орнынан тұрып, құрмет көрсетпеген Күлекбаевқа тағы да ескерту жасады.

«Кеше сіз ауырып отырмын деген соң отырып жауап беруге келістік. Бірақ, бүгін сот тәртібі бойынша тұр дегенде тұрасыз, сол үшін алдыңғы орындыққа отырыңыз», – деді Ерлан Болатов.

Бұған Күлекбаев естімеген кейіп танытып тор ішіндегі екінші орындыққа барып отырды. Алдына отырыңыз деген судья сөзіне: «Не болды?» деп жауап берді.

Осыдан кейін судья Ерлан Болатов Күлекбаевты залдан алып кетуді бұйырып, адвокаттарына ескерту жасады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз