Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

БҰҰ бас хатшысы Семейде болып, өз көзімен көрген ядролық сынақ зардаптарын айтып берді

Өз жолдауында БҰҰ бас хатшысы бұл күні бүкіл әлем 450-ден астам ядролық сынақ жүргізілген Қазақстандағы Семей полигонының жабылуына ширек ғасыр болғанын атап өтетінін баса айтты.

– Мен 2010 жылы Семейде болғанымда уланған дүниенің табын, құрбандыққа шалынғандарды, сонымен қатар тірі қалған адамдарды көрдім. Мен олардың бейбітшілікке, ядролық қарудан азат болуға ұмтылысын қатты бағалаймын. Ядролық сынаққа түбегейлі тыйым салыну жантүршігерлік мұраға нүкте қояр еді.

Олай етсек, бұл қарусыздану саласына үлкен серпіліс беріп, көпжақты әріптестікті жандандырып, қауіпсіздік саласында аймақтық деңгейде қабылданып жатқан тиімді шараларға қатысты сенімді күшейтер еді, – деді Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы тағы да әлі күшіне енбеген, ядролық сынақтарға жалпылай тыйым салу туралы 20 жыл бұрын Бас Ассамблея қабылдаған Келісімнің толықтай жүзеге асуы үшін оған барлық мемлекетті ат салысуға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз