Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Азық-түліктің бағасын түсіру үшін, ауылды көтеруіміз керек — депутаттар

199
Сұраудың авторлары қазіргі мемлекеттік бағдарламаларда көбінесе кенттенуге басымдылық беріледі деп атап өтті. Даму нүктесі ретінде қала алынған, ал ауылдың дамуы екінші қатарға ысырылды.

— Қалалық халық санының артуы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арту факторы ретінде әзірге мемлекет мүмкіндіктеріне сәйкес келмей тұр. Кенттенудің эволюциялық және табиғи жолына күмән келтіре алмаймыз,

бұл процесс қажетті алдыңғы қатарлы технологиялар болған жағдайда ғана жүргізілуі керек

Ғылыми-техникалық прогресс биіктікте болған кезде отандық тауар өндірісі жоғары деңгейде дамиды, — дейді қол қоюшылар.

Сонымен қатар, авторлар «бақылауға алынбаған урбанизация жағымсыз салдарларға және белгілі бір әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін» деп қосты. Мысалы, үнемі қажетті инфрақұрылымды  құрып отыру керек.

Қазір қалалардың экономикалық көрсеткіштерінің құрылымында тек қызмет көрсету саласы ғана басымдыққа ие.

— Мысалы, оңтүстік астанада қызмет көрсету саласының жалпы өңірлік өнімі 36%-ға жуық,

ал өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі сияқты салалар бойынша тиісінше 4,8% және 4% ғана байқалады,

— деген мысалдар келтіреді сұрауда.

Жалпы алғанда заңды тұлғалардың басым көшілігі көтерме және бөлшек саудамен айналысады — 29,3%. Ал өңдеу өніркәсібінде бар-жоғы 5,2%.

Ондаған жылдар бойы жағдай өзгермей отыр

Авторлар ауылдың әлеуетінің жоғары екеніне сенімді.

— Кейбір жұмыс істеп тұрған шаруа, фермерлік және жеке қосалқы шаруашылықтардың көрсеткіштері салыстырмалы түрде жақсы, олар өздерін ғана емес, басқаларды да қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Олардың басым бөлігі Түркістан (33,3%), Алматы (21,3%) және Жамбыл (8,4%) облыстарында тіркелген, — деп есептейді олар.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы аумағы мен аумағы бойынша біз аграрлық шикізат өндірушілердің алғашқы ондығына кіреміз. Сарапшылардың бағалауы бойынша, елдің ресурстары ішкі нарық қажеттілігінен үш есе асып түсуге мүмкіндік береді. Әрине, артығын импортқа жібереді. Алайда, әзірге айтарлықтай оң өзгерістер жоқ.

— Бізге барлық күш-жігерімізді ғылымға, өндіріс пен технологияны, қосылған құны жоғары өнімді өндіруге бағыттауға ешнәрсе кедергі келтірмейді. Бірақ қазір біздің қолымызда не бар? Ондаған жылдар бұрынғы донор өңірлер қалып отыр, олардың саны өзгермейді.

Өңірлердің басым бөлігі әлі күнге дейін бюджеттен айтарлықтай трансфертті қажет етеді

Агроөнеркәсіп кешеніне қомақты қаржы салынғанына қарамастан, Қазақстанның ішкі нарықтағы дәстүрлі АӨК салалары импортқа тәуелді. Өнімнің шамамен 80%-ы шикізат ретінде сатылады, ал экспортқа қайта өңделген өнімдер саны мен сапасы жағынан әлемдік азық-түлік нарығында бәсекеге қабілетті емес, — деп есептейді авторлар.

Не істеу керек?

Ауылдықтардың қалаға қарай ұмытылуы жағдайды қиындатып отыр. Олардың басым көпшілігі жастар. Пандемия мен карантин азық-түлік қауіпсіздігі тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегенін көрсетті. Бірінші қажеттіліктегі өнімдердің бағасының өсуін тоқтату да қиынға соғады.

— Ауылды дамыту мемлекеттік саясаттың басымдығы болуы тиіс.

Бағдарламалық құжаттарды ауылдық елді мекендерді дамытуға кешенді түрде бағыттау керек,

— дейді сенаторлар.

Қол қоюшылар келесі шараларды ұсынды.

  • Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға баса назар аудара отырып, ауылдық аумақтарды дамытуды күшейту.
  • Жеке үлкен корпорацияға дейін көтеріле алатын қосалқы шаруашылықтарды, шағын фермаларды дамыту.
  • Ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын нығайтуға аса назар аудару. Сондай-ақ оларды кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жергілікті биліктің нақты есеп берушілігін қамтамасыз ету. Оларды өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі мәселесін ойластыру.
  • Ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын нығайтуға аса назар аудару. Сондай-ақ оларды кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жергілікті биліктің нақты есеп берушілігін қамтамасыз ету. Оларды өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі мәселесін ойластыру.
  • Әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтердің тізбесі мен қол жетімділігінің, көліктік, мәдени-спорттық, іскерлік, өндірістік, сандық және басқа да инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгендігінің нақты көрсеткіштерін талдау.
  • Ауылдық аумақтарды білікті медициналық және педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етудің нақты көрінісін анықтау. Сондай-ақ жастарға арналған сандық технологиялар мен ең аз қолжетімді әлеуметтік пакетті дайындау.

Бірнеше елді мекендерде кешенді жұмыс жүргізу, нәтижесі сәтті болған жағдайда басқаларына да тәжірибе жасау керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз