Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Әзірше осында тұрасың …”. Ақтөбеде ажырасқан отбасы дауына әкімдік араласты

Ақтөбе қаласының тұрғыны Асылбек Оспанов бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп, өзіне ыңғайлы баспана қажет екенін айтқан болатын. Кейін оның бұрынғы әйелі Гүлжанат Алдабергенова бір ғана бала емес, екі баласы да мүгедек екенін мәлімдеді. Жалғызбасты әке Ақтөбенің Алға ауданында тұрады. Баласына үнемі ем қажет. Жұмыс істемей, баласын бағатын әке баспана сұрап, халықтан көмек күтті.

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов бұл отбасыға бір бөлмелі пәтер берді. Коммуналдық меншіктегі пәтерде Асылбек Оспанов пен оның ұлы Рахат Абдолла тұрады.

https://kaz.365info.kz/khajtem-endi-mygedek-balalaryn-tastap-azhyraskhan-kelinshek-eldin-cynyna-zhauap-berdi-291540

«Ақтөбе қаласының әкімдігі мен «Қолқанат Ақтөбе» қоры бірлесіп, жалғызбасты әкеге көмек көрсетіп отыр. Бұл пәтер иесіз қалған. Осы аумаққа жауап беретін басқарушы компания ешкім бақыламайтын, қарамайтын, күтімі жоқ пәтерді анықтап, бізге хабарын берді. Кейін мұрагері жоқ пәтерді әкімдік меншігіне алу үшін сотқа арыз жазылды. Енді Асылбек Оспанов өз кезегімен пәтерге қол жеткізгенге дейін осы жерді паналайды»,- деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Жаңа пәтерге көшіп, баласын облыс орталығындағы сауықтыру орталықтарына апаруды көздеп отырған жалғызбасты әке қайырымдылық қорына, әкімдікке, өзі туралы жан-жақты ақпарат таратқан адамдарға алғысын айтты.

«Баланы емдеуге көмектесеміз. Қазір Ақтөбеде оңалту орталығын салу жұмыстары жүріп жатыр», – деді қала әкімі. Пәтер бір күнде жөнделіп, жылу және сумен жабдықтау жүйелері түгел ауыстырылды. Мұнда плита сатып алынды. Қала әкімі теледидар сыйға тарту етті.

Айта кетелік, Ақтөбеде ажырасқан әйел мүгедек баласын әкесіне тастап кетіп, елдің сынына қалып еді. Кейіннен отбасында екі мүгедек бала бары белгілі болды, ажырасқан соң ерлі-зайыптылар екеуін бір-бірден алуды жөн деп тапқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз