Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әзірбайжандық телеарна арқылы аытыраулық әйелді өлтірген қылмыскер әшкереленді

107

Табысты бизнесі бар «Дина» базарында азық-түліктердің көтерме саудасымен айналысатын Айгүл Атсубаева біраз уақыт бұрын әлеуметтік желі арқылы 29 жастағы Әзірбайжан азаматы Йолч Юсуфовпен танысқан.

Биылғы жылдың 27 мамырында ол Әзірбайжанға ұшып барып, Юсуфовпен үш күн Огуз қаласында болған. Кейін әуе рейсімен үйіне кету үшін екеуі Бакуге аттанады. Бірақ әйел еліне оралмады, туыстарымен де байланысқа шықпайды.

Қыздың ағасы Юсуповпен телефон арқылы сөйлеседі. Оның жалтарма жауаптарынан бірдеңе болғанын сезеді. Сол кезде ағасы «Сені іздеймін» телебағдарламасына жүгінеді.

Жүргізуші Хошгедем Бахшалиева өз бағдарламасында Қазақстанның жоғалған азаматшасы іздестіріліп жатқаны туралы хабарландыруды жариялайды, содан кейін маусым айында Юсуповты және Бакуге келген Айгүлдің ағасын түсірілімге шақырады.

Теледидарда олардың диалогы шиеленісе түседі. Ағасының «Қарындасым қайда?» деген сұрағына Юсуфов неліктен екені белгісіз, әртүрлі жауап береді: біресе Бакуден Мәскеуге ұшып кетті десе, біресе Айгүлдің басқа танысымен кездесетіндіктен онымен әуежайда қоштасқанын айтады. Содан соң ол Айгүлдің апатқа ұшырағанын, ауыр жарақат алғанын айтып, әйелдің бауырынан оны «емдеуге» ақша сұрайды.

Юсуфовтың мұндай әрекеттері Әзірбайжан құқық қорғау органдарын елең еткізеді, хабар көрсетілгеннен кейін ол полицияға дереу шақырту алады. Сол жерде ол Айгүлді буындырып өлтіргенін мойындап, денесінің қай жерде екенін көрсетеді.

Полиция қызметкерлері шынымен де Айгүлдің денесін Бакудан 30 шақырым жерде орналасқан теңіз жағасындағы Пиршаги ауылындағы қамыс арасынан тауып алады.

Ал Юсуфов осыдан кейін полиция бөлімінің терезесінен секіріп кетіп, қайтыс болады. Бұл іске қатысы бар деген Юсуповтың қайынағасы да жауапқа тартылды.

Сот-медициналық сараптамадан кейін Айгүлдіңң денесі ағасына беріліп, туыстары оны Қызылқоға ауданына жерледі. Айгүлдіңң артында бірінші некеден туған 11 жастағы қызы қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз