Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
22
USD
516
0.00
EUR
585
0.00
RUB
6.24
0.00

Әзімбай Ғали: “Орыстілділер Ресейдің бидайын қуырады”

232
azimbai

Болашақта демографиялық өсім азаяды, қазақ репатриациясы азаяды, қазақтың қалалық ұлтқа айналу (сапалық өсім әсері) мүмкіндігі азаяды.

Бүгінгі күнде қалалық қазақ 60% құрайды. Бірақ қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде орнықпай жатыр, есесіне орыс тілділер қатары және саны, саяси ықпалы өсіп келеді – олар 10%.

Сол «алтын 10%» 1991 жылдан бері билік басында жүр. Сол орыстілділер Ресейдің бидайын қуырады. Ресейдің тілеуін тілеп, коллаборанттық қызмет көрсетеді. Украинада коллаборанттар үлесі 20%, бұл тым қауіпті екен.

Лукашенконың тұсында белорустар ана тілінен бас тартты, бізде де бұл эксперимент жүріп жатыр: ол – Үштұғырлы тіл. Үштұғырлы тілдік мектеп бағдарламасы – қазақ мектебін орыстандыруды көздейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз