Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ажырасып кеткен жұлдыздар қазір не істеп жүр?

651

Аида Кауменова Қазақстанның танымал дизайнерлерінің бірі. Фотографқа тұрмысқа шығып, кейіннен ажырасып кеткен. Қазір бір қыз тәрбиелеп отыр. Аида ажырасқаннан кейін күйзеліске түспей, керісінше мықтылығын танытып, шығармашылық жолында сән әлеміндегі биіктерді одан әрі бағындыруда.

Айгүл Иманбаева шығармашылық жолын актириса ретінде бастап, содан кейін әншілікке бет бұрған. Шоумен Сәбит Әбдіхалықовпен отбасын құрып, кейін ажырасқан актриса қазір ұлын жалғыз өзі тәрбиелеуде. Бір қызығы, Айгүл Сәбитпен дәм-тұзы жараспай қалғаннан кейін де бұрынғы күйеуі мен оның жаңа әйелімен жақсы достық қарым-қатынаста болды.

Тіпті үшеуі бірігіп, гастрольдік сапармен ел аралап, сол арқылы халықты бір елең еткізген болатын. Ал, қазір кейбір дереккөздер Сәбит Әбдіхалықов пен оның әйелі әнші Алтынай Жорабаеваның бөлек тұрып жатқанын жарыса жазуда. Бірақ олардың өздері әлі бұған қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Тележүргізуші Майя Бекбаева – ол қазір Әділ Нұртаевқа тұрмысқа шыққан. Бұрынғы некесінен бір қызы бар. Бүгінде екі баланың анасы әрі бақытты әйел.

Продюсер әрі тележүргізуші Асхат Садырбай әнші Ерке Есмаханмен үйленіп, кейін екеуі ажырасып кеткен. Баласы бар. Асхат кейіннен екінші рет үйленді.

Танымал әнші Маржан Арапбаева бірнеше жыл бұрын қызын жалғыз өзі тәрбиелеген. Қазір тұрмысқа шыққан, бір ұлы бар.

Әнші Ақбота Керімбекова бірнеше рет тұрмысқа шығып, ажырасқан болатын. Бүгінде әншінің үш ұлы бар. Жақында ол теңін тауып, тағы да тұрмысқа шыққанын растады.

«Жаңа толқын» байқауының екінші орын иегері Әдемі тұрмыста болып, тіпті отбасы үшін сахнаға да шығудан бас тартқан. Бірақ, ажырасқаннан кейін шығармашылықтан қол үзіп кетпей, үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Әдемінің бір ұлы бар.

Айнұр Нұрсейітованың да алғашқы жұбымен дәм-тұзы жараспады. Қазір ол сұлулық салонын ашып, табысты ана болып отыр.

Актриса Сая Оразғалиева күйеуімен ажырасып, ұлын жалғыз өзі тәрбиелеуде.

Инстаграмның жұлдызы Зарина Әбдуалиева да бірінші күйеуінен ажырасқан. Екі баласы бар. Қазір екінші рет тұрмысқа шығып, бақытты өмір сүруде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз