Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Азаматтық неке ғой біздікі…”. Бішкек тұрғыны баласын неге тепкілегенін түсіндірді

https://kaz.365info.kz/zhauyzdyn-ozi-balany-bir-tepken-erkektin-kim-ekeni-anykhtaldy-video-292435

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 50 жастағы ер адам 2-желтоқсанда шамамен сағат 15.15-те баласымен серуендеуге шыққан. Бариер Адиевтің берген түсініктемесі бойынша, ол баласына мұзда сырғанауға рұқсат еткен, ал үйге қайтар алдында бала жерге жатып алып, қайтқысы келмеген. Бариер Адиев баласын жерден көтердім деп отыр. Шамамен сағат 16.00-де үйіне кірген. Кейін ол шаруаларымен шығып кеткен. Ал біршама уақыт өткенде оған әйелі хабарласып, Интернеттен видеоны көргенін айтқан. Содан олар ұрсысып қалған.

Бариер Адиев болса видеоны монтаж деп отыр.

Милициядағылардың айтуынша, ер адамның әйелі күйеуі мен баласы үйге оралғанда неліктен баланың үсті-басы лас екенін сұраған. Ер адам баланың қиғылық салып, жерде жатып алғанын айтқан. Жанжалдан кейін Асель Ержанова баланы ауылда тұратын туыстарының үйіне әкетіп қалған. Милиция өкілдері Бариер Адиевтің 2-желтоқсанда мас болмағанын айтып отыр.

Агенттіктің мәліметінше, Елхан балалар ауруханасына “іш бөлігінің жарақаты” диагнозымен түскен. Баланың денсаулығына келген зиян бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Ерлі-зайыптының азаматтық некеде екені анықталып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз