Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Азаматтығын ақшаға сататын елдердің рейтингі шықты

«Егер сізде яхта мен екі ұшағыңыз болса, онда сізге тек Мальта төлқұжатын сатып алу ғана қалды. Бұл статустың соңғы белгісі. Бізде, тіпті оларды жай ғана жинайтын клиенттер бар», – дейді азаматтық мәселелері бойынша кеңес беретін Henley & Partners компаниясының басшысы Кристиан Келин.

Ең қымбаты Австрияның азаматтығы болып шықты. Австрияның төлқұжатын алу үшін жергілікті экономикаға $ 23,75 млн доллар инвестиция салу қажет.

Екінші орында Кипр. Бұл елдің азаматтығын 2,375 миллион долларға сатып алуға болады. Сондай-ақ, азаматтығы ең қымбат үштікті Мальта бекітеді. Бұл елдің төлқұжатын алғысы келген инвесторлар азаматтық алу үшін 1,065 миллион доллар төлейді.

Ал,

азаматтығы ең арзан елдерге Сент-Люсия, Доминика, Антигуа және Барбуда кіреді. Бұл елдердің азаматтығын алу үшін 100 мың доллардың өзі жеткілікті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз