Данияр Қағазбекұлы Еренчинов өз өтініші бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін, 18-қаңтарда, Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын өкілеттігін тапсырды. Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі Данияр Қағазбекұлы Еренчиновтың отставкасын қабылдады», – делінген хабарламада.