Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Азамат екен!». Қызын арқалаған қазақ әкенің ерлігі қытайлықтарды тәнті етті

Аталмыш мақаланы Шыңжаң, Самұрық, Шинлаң (Sina) сайты, Жер шары уақыт, Қытай газеті сияқты Шыңжаңның ықпалды ақпарат құралдары жарыса көшіріп басыпты.

Осылайша, жол апаты салдарынан екі бірдей аяғы салданып қалған Шыңжаң Іле Тоғызтарау аудандық 2 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Бағжан Тоқтау қызының жан азабын жеңіп, өз келешегі үшін және ата – ананың, ұстаздардың үмітін ақтау жолында оқудағы құлшынысы мен озат болуы, қыздың әкесі Тоқтау Қадырұлының перзентін емделуі, оқуы жолында еш нәрседен аянбай, ыстық–суықты елемей, перзентін 8 жылдан бері арқалап оқытып келе жатқаны миллиондаған оқырманның назарына ілініп, олардың ыстық ықыласына бөленді.

Әке мен қызы ортасындағы сөзбен бейнелеп, жеткізу мүмкін емес

мейірім, махаббат, асқақ арман қаншама оқырманды тебірентті екен десеңізші?!

Назарларыңызға қытайлық сайтына шыққан мақаланы ұсынамыз:

«Тоқтау Қадырұлын маусымның 23 күні Шыңжаң Тоғызтарау аудандық №2 орта мектебінде қызын тамақтандырып отырған жерінде кездестірдік. Оның жанарынан қызын шексіз жақсы көретінін аңғардық. Ол қызын тамақтандырып болған соң ғана мектептен алаңсыз қайтып кетті.

Тоқтау Қадырұлы бұл күнде елуді еңсерді, оның 15 жастағы қызы Бағжан 3 жасында көлік апатына ұшырап екі аяғынан салданып қалған.

Бағжан бастауышқа оқуға түскеннен бастап, әкесі оны мектепке арқалап апарып, арқалап қайтып келеді,

содан бері әкесі жапа–машақатқа толы 8 жылды артқа тастап, қызының арманы үшін асқар таудай сүйеніш болды.

Бір үйлі жанның тағдырын өзгерткен жол апаты

Тоқтау Қадырұлы Тоғызтарау аудандық көшпенділер мекемесінің қызметкері. Оның мейірімді келіншегі, сүйкімді екі қызы бар еді. Бір үйлі жан шат-шадыман тұрмыс кешіріп жатқан еді.

Ойламаған жерден 2004 жылы бір реткі көлік апаты осы бір үйлі жанның тағдырын өзгертіп жіберді. Шырғалаңда Тоқтау Қадырұлының миы қатты зақымдалып, бір ай дегенде есін жинады, екінші қызы Бағжан екі аяғынан салданып қалды.

Сол кезді есіне алған Тоқтау:

«Есімді жиғанда ғана қызымның осындай күйге душар болғанын білдім, сол жолы оны үйде қалдырып кетпегеніме қатты өкінемін,

бұл менің өмірлік өкінішіме айналды»,

– деді сай-сүйегі сырқырап.

Тоқтау қызын Үрімжі, Бейжиң, Шаңхай сияқты жерлердің көптеген ірі шипаханасына алып барып, көптеген маманнан кеңес сұраған, жылдар бойы күдер үзбей, қызын аяғынан тұрғызу жолында еш нәрседен аянбауға белді бекем буған.

Десе де, ең соңында сұм тағдырға мойынсынуға мәжбүр болады.

Қызын арқалаған әке

Көзді ашып-жұмғанша Бағжан оқу жасына толады. Оқудағы алғашқы күннен бастап Тоқтау қызын мектепке арқалап жеткізіп, арқалап қайтып жүреді. Әр жолы Тоқтау қызын мектепке кешіктіріп апарған емес.

Түс кезінде Тоқтау тамақты мектепке жеткізіп тұрады, әр жолы қызы тамақтанып болғанда ғана мектептен алаңсыз қайтады. Түстен кейін балалар тарағанда ол мектепке тағы да уақытында барып, қызын алып қайтады.

Көзді ашып-жұмғанша 8 жыл өте шықты. Бұл күнде Тоқтау елуді еңсерді, қызы да 8 жылдық мектепке түсті.

Тоқтау баяғыдай, жауын – шашынды елең көрмей, қызын арқалап, оқытумен келеді.

Олар тұрғын үйдің 3-қабатта тұрады, қызын ғимаратқа арқалап шығу оған уақыт өткен сайын ауырлай түсуде. Бұрын ол қызын арқалап, демалмай шыға беретін, қазір бірнеше рет демалуына тура келеді. Тоқтау бұл күнде 3-қабаттағы пәтерін сатып, 1-қабатқа қоныс аударуды жоспарлап отыр.

Ол ешқашан шаршап-шалдыққан емес

Тоқтаудың келіншегі Гүлзира Иманалықызы сол жере банкте қызмет істейді, қызметі өте қарбалас. Тоқтау ден қоя мәпәлеп келгендіктен Гүлзира қызметін алаңсыз істеп отыр. Бұл жөнінде Гүлзира:

«Осы жылдарда күйеуім баламыздың оқуы үшін зыр жүгірді, оның істегендерін барлық әке істей алмайды,

ол ешқашан шаршап–шалдықтым деп айтып көрген жоқ,

ана ретінде қызыма жеткілікті мейір бағыштай алмадым, бұған іштей қатты мазасызданамын» деді.

Тоқтау былай деді:

«Қызымды мектепке жеткізуде ежелден шаршауды білмедім, осы жолдан танбаймын, қызым жақсы оқыса болды,

барлық қиыншылықты жеңіп, мүмкіндігінше, оның білімін жоғарылату үшін аянбаймын» .

“Менің қаһарманым – әкем!”

Әуелден әкесінің арқалауымен мектепке келіп оқып жүрген Бағжанның мінезі ашық-жарқын, оның үстіне, оқу нәтижесі де өте жақсы. Тоқтау мүгедек қызын алақанына салып әлпештеп, оның алаңсыз оқуына, есейіп – ержетуіне бар қайратын арнап, қызының көңіліндегі қаһарманға айналды.

Наурыздың басында мектепте «Менің көкейімдегі қаһарман» деген тақырыпта мақала жазу жарысын ұйымдастырылды.

Бағжан Ә дегенде әкесін есіне алып, боямасыз тілмен өз көкейіндегі қаһарман әкесін бейнелеп жазды.

Ол мақаласын былай бастапты:

«Әр адамның жүрегінде сақталған нағыз қаһарманы бар шығар, ал менің жүрегімдегі нағыз қаһарман – әкем. Әке – асқар тау деп дана халқымыз бекер айтпаған ғой, әкеден ұлы жан бар ма?!

Мен әкемді дүниедегі ең жақсы әке деп санаймын!».

Бағжанның сынып жетекшісі былай деді:

«Бағжанның әкесі 8 жылдан бері қызын арқалап оқытып келеді.

Ол қызын бірде – бір рет кешіктіріп көрмеді,

ал Бағжан өз мақаласымен әкесінің мейірін, әкесінің ұлылығын бізге бейнелеп берді, мақаланы оқыған жан ғибратты сабақ алады».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз