Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
5
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Қазақтың бір арманы орындалды. Кейкі батырдың басы Қазақстанға жеткізілді

Батырдың ұрпақтары Қазақстанға жеткізілген бабасының бас сүйегін көре алмады деп хабарлады ҚазАқпарат. Алайда, кейбір дерек көз бойынша, ол ұшақ Астанаға келіп қонған.

Саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы 1916 жылғы көтерілістің басты қаһарман батырын жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін үкіметтік комиссия құрылатынын мәлімдеді.

„Бұл арада қоғам белсенділері мен Кейкі батыр ұрпақтарының көзқарасы екіге жарылды. Егер туыстары бабасын туған жері – Қостанай облысы Амангелді ауданында жерлегісі келсе, қоғам өкілдері – Астанадағы құрметті ел азаматтары жерленетін Ұлттық пантеонға тапсыруды қалайды„ дейді Мәскеуден ұшып келе жатқан арнайы ұшақты Астана әуежайында күтіп тұрған Берік Әбдіғалиұлы.

Еске салып, айта кетелік, Кәрім Мәсімов үкіметбасы кезінде Ресей премьері Дмитрий Медведевпен жолығып Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтерген болатын.

Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы — 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байтума қопасында дүниеге келген.

Ол Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашқы күндерінен белсене араласып, сол көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз