Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақтан ғылымға белгісіз антиген табылды

«Біз бұл мутацияның әсерінен емес, атадан балаға тұқым арқылы таралып келе жатқан нәрсе екенін дәлелдеу үшін отбасылық тексеріс өткіздік. Дәлелдедік, нәтижелерін Германияға жібердік. Олар бұл антигеннің, расымен, бұрын-соңды ешкімнен табылмағанын мәлім етті. Бұл ген отбасындағы тек бір адамнан табылып отыр. Ол дертке шалдықпасын деп тілейміз. Себебі ол ген мүше алмастыру кезінде кері әсер беруі ықтимал. Оған донор табу қиын болады. Ол әлемде жалғыз», – деді Сәния Әбдіраxманова.

Айта кету керек, аталмыш ген секвенирлеу кезінде, құны 80 млн теңге болатын құрылғының арқасында табылды.

«Осы зертxананың арқасында 2011 жылдан бастап Қазақстанда трансплантология қарқынды дамыды. Бұл зертxанасы болмаса, транплантология жасау мүмкін емес. Сондықтан қан үлгілері ең алдымен осында түседі», – дейді С. Әбдіраxманова.

20161014185531

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз