Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақ осы, танып қой! XVII-Бүкілресейлік олимпиадада қазақ оқушылары І-орынға ие болды

Бағдарлама жасаушылардан құралған “Алматы + Астана, КТЛ #1” командасы 200-ден аса бәсекелесінен озып шықты.

Турнирдің кестесіне сәйкес, Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мадибек берілген 11 тапсырманың тоғызын шеше алды. Осылайша қазақстандық мектеп оқушылары І-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

ІІ-орынды “Интеллектуал + СУНЦ МГУ: Вова спит дома” (Мәскеу) командасы иеленсе, ІІІ-орынды “Бағдарлама жасаушылар мектебі #1” (Мытищи) алды.

Осыған дейін Алматыдағы білім-инновация лицейінің (ҚТЛ) оқушылары әлемдік IT-қауымдастықтың тізіміне енген болатын. Әлемнің миллионнан аса бағдарлама жасаушысын біріктіретін HackerRank платформасы университеттердің кодтау бойынша мамандандырылған бағдарлама жасаушыларын дайындаудағы деңгейін анықтап, жоғары оқу орындарының рейтингін жасаған еді.

Еске сала кетелік, Түркиядағы төңкеріске байланысты оппозиция өкілі Гүленнің әр елде қаржыландырған жобалары үлкен күдікке алынған. Осыған байланысты биыл еліміздегі қазақ-түрік лицейлерінің атауы білім-инновация лицейі деп атауын өзгертті. Мінсіз қырымен танылған бұл білім ордасына осы кезеңде күйе де жағылып, БАҚ пен әлеуметтік желілерде оны жаман қырынан көрсетуге тырысқан кездер де болды. Бірақ уақыт бәрін өз орнына қойғандай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз