Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
8
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Қазақстанның сыртқы қарызы күн сайын 5,8 млн долларға өседі

vd

Қазақстанның сыртқы қарызы: 5 жылдағы динамика

Америкамен салыстырғанда, қазақтың қарызы түк емес дейді!

Бірінші тоқсанда мемлекеттік сыртқы қарыздың өсімі мардымсыз болған — ол $15,9 млн-ға артып, $12,2 млрд-қа дейін жеткен. Мемлекет кепілдік бермеген сыртқы қарыз есептік датада $141,12 млрд-ты, немесе жалпы сыртқы қарыздың 91,6 пайызына тең болған. Соңғы үш айдағы өсім – $518,1 млн-ды құрады.

2016 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша шетелдік валютамен $136,3 млрд тартылса, ұлттық валютада тек $4,4 млрд тартылған. Сыйақы ставкаларының түрлері бойынша сыртқы қарыздың негізгі бөлігі құбылмалы ставкамен ($100,37 млрд) тартылған. Бұл жағдайлар экономикадағы дағдарыстық құбылыстар созылмалы болуы, несиелік рейтингтердің құлдырауы, ұлттық валютан одан ары әлсізденуі салдарынан отандық қарыз алушылар мүмкіндіктерінің нашарлағанын білдіреді.

Осы орайда, 2016 жылғы 1-тоқсанда сыртқы қарызды өтеу және оған қызмет көрсету бойынша, жалпы төлемдер $6,5 млрд-ты құраған.

Ал Қазақстанның “адам шошырлық” сыртқы қарызының сомасы – 154 миллиард АҚШ доллары – шын мәнінде, соншалықты қорқынышты емес. Қазіргі күні әлемнің барлық елдері қарызбен күн көруде. Әлемдегі ең басты борышкер — АҚШ. 2015 жылы бұл елдің сыртқы қарызы 18 триллион доллардан астам болған.

643568-e1469098055796

Әлемдегі ең ірі борышкер елдер

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыз

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз