Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанның барлық облысында бірқатар жолдар жабылды

177

3-қаңтардан бастап, ауа-райының нашарлауына байланысты “Астана-Көкшетау” тас жол учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. Сондай-ақ, ауа-райының қолайсыздығына байланысты “Астана-Қарағанды” республикалық маңыздағы автожолы да автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Ақмола облысында боран соғып, жолдың көрінбеуіне қатысты “Жақсы-Есіл-Бұзұлық” (0-82 шақ.), “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” (232-260 шақ.), “Жезқазған-Петропавл” (440-595 шақ.) автожолдары учаскелерінде барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

Қар жауып, қатты жел соғып, жолдың көрінбеуіне байланысты “Екатеринбург – Алматы” (1280-1353 шақ.), Астана қаласы мен Қарағанды облысы автожолы учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін жол жабык.

Қарағанды облысында “Теміртау қ. – Теміртау қ. – Ақмола обл. шекарасы” (“Алматы – Екатеринбург” а/ж 1051-1127км), Қостанай облысында “Жезқазған-Петропавл” (252-377 ш), “Әулиекөл-Жолдама” (0-257 ш), Павлодар облысында “Павловка-Галицкоек” (0-40 ш), “Шақат-Восточное-Шалдай” (0-121,6) автожол учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін жол жабық.

Сол секілді “Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасына дейін” (0-111), Алматы облысында “Талдықорған-Қапал” (0-76 ш) тас жолы және «Сарыөзек-Қоғалы» (69-75 ш), Шығыс Қазақстан облысында “Семей-Қайнар” (8-284 ш), “Семей-Қарауыл” (4-80 км), Солтүстік Қазақстан облысында “Саумалкөл-Новоишимское” КТ-64 т/ж 0-91 км бастап, “Арықбалық-Саумалкөл” КТ-65 0-27 км бастап, “Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл” КСТ-62 17-209 км дейінгі жолдар барлық көлік түрлері үшін жабық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз