Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
426
-0.19
EUR
496
-1.93
RUB
6
-0.02

“Қазақстаннан көшкен орыс маманның орнын қазақтар басып жатыр” – Айдос Сарым

Иә, оның пікірі үйреншікті: орыстілділердің елден кетуі үлкен проблема болып табылады. Себебі мемлекет есебінен білім алған мамандар басқа елдің экономикасына кетіп, пайданы соған түсіреді. Олардың орнын толтырып жатқан шеттен қайтқан қазақ ағайындардың экономикаға үлесі төмен деп дəлелдегендей болды маған.

Мен басқаша уəж айттым.

Мысалы, қаладан зауыттағы орыс инженер кетті делік. Кезінде мемлекет есебінен білім алды, кəсіпорында істеп тəжірибе жинады. Қазір осыған ұқсас кез-келген ресейлік кəсіпорынға дайын маман. Бұның кетуі сөзсіз экономикалық шығын. Бірақ дəл бүгінгі күнге қатысты экономикалық шығын.

Ал есесіне, сол ауылға не қалаға жас қазақ отбасы келді делік. Кеткен мамандай білігі мен тəжірибесі жоқ делік. Əрине бірден əлгінің орнын толтыра алмайды. Бірақ…

Ұзақ мерзімді даму, пайда тұрғысынан жас отбасының экономикаға үлесі басым бола бермек.

Мысалы, жаңағы орыс инженер ертең зейнетке шығады. Кемпірі екеуін бағып-қағатын жаңағы жас отбасы болмақ. Себебі өзінің екі баласы баяғыда Ресейге кетіп қалған. Түсірген экономикалық пайдасын зейнетақы, аурухана арқылы сорып алады. Кемі 10-20 жыл таза салмақ түсіреді.

Жас қазақ баласы дұрыс бағыт алса, жай-күйі, мотивациясы болса оқуын жалғастырады, тəжірибе жинақтайды. Бұл бірінші кезеңде тағы да шығын. Бірақ, түбі қайтатын шығын.

Ертең бұл қазақ кəсіпорындағы қызметке келеді. Жаңағы орыс маманның орнын басады. Жақсы болсын, жаман болсын, үйренеді, маманданады. Осы кезден бастап экономикалық тиімділік басталады.

Есесіне.
1. Бұл қазақ шетке қарайлай бермейді. Елінде қалады. Яғни оған құйылған біліми ғылыми инвестициядан келетін пайда елде қалмақ.
2. Ұзақ уақыт бойы бұл қазақ зейнет пен əлеуметтік салаға салмақ салмайды. Тапқан нəпақасын көрші елге емес, өз еліне салады.
3. Жас болған соң бұл қазақ бала табады. Бүгінде халықтың қартаюы үлкен экономикалық проблема болып отыр. Егер қазақтар жас ұлт болмағанда ел үкіметі əрбір келген қытайлықтың көтенін сүюге мəжбүр болар еді! Халықтың жас болғаны, санының тұрақты артуы – бас ауру емес. Керісінше, экономикалық мүмкіндік!

Рас, жас отбасыға жағдай керек. Балабақша, мектеп, баспана, несие. Бірақ бұл да еңбек орындары! Бұл да салықтар! Кəрі отбасыға тек аурухана, ғибадатхана мен зиратстан ғана керек болады. Қайсысы үміт беретін экономика сонда?

Мысалы, 2050 жылға дейін ОҚО халқы 5 миллионға жетеді. Есесіне Ресеймен шекаралас облыстардың халқы жыл сайын теріс өсім көрсетіп жатыр. Ол жақтың орысы түгілі қазағы қазақ көшіне дұрыс көзбен қарамайды. Ал ол жақтағы халық санының кемуі барша облыстың экономикасын құлдыратып жатқанын дұрыс ұқпайды. Жалпы сұраныс пен тұтыну құлап жатқан облыста экономикалық өсімнің болмайтынын өздері де ұғына бермейді. Бүгінімен ғана, бүгінгі комфортымен ғана ғұмыр кешуге құмар.

Қысқасы қазақ көшінің мəселесін экономикалық тұрғыдан, ұзақ мерзімді экономикалық стратегия тұрғысынан да зерттеу керек. Оның сыртқы жəне ішкі өлшемін де зерттеу керек. Осы бойынша кез-келген қарсыласты пайыммен, санмен, сапамен сындыра білуіміз керек.

hqdefault

Айдос Сарым

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз