Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстандық полипропилен зауыты өнімдерінің 90% экспорттауды жоспарлап отыр

Зауыт мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың үкіметтік бағдарламасы аясында әзірленген «Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы» жобасының бір бөлігі болып табылады.

Атырау мұнай-химия кластері базалық өнімдері: полипропилен, полиэтилен шығарумен қатар, көмірсутекті шикізаттарды терең өңдеуді көздейді. Жобалардың жалпы құны 10 млрд долларға дейін бағаланады.

«Осы түпкі өнімдер – полипропилен, полиэтилен төңірегінде одан әрі өңделетін полимер өнімдерінің 50-ден астам түрін шығару жоспарланып отырған, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын құруға болады», – деп есептейді Ө. Шөкеев.

Жобаны Қазақстанда химия өнеркәсібін жаңғырту және осы саладағы инновациялық жобаларды іске асыру үшін арнайы құрылған «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниясы «Біріккен химиялық компания» ЖШС жүзеге асыруда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз