Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау арта түседі

ШОБ-ты мемлекеттік тұрғыдан қол­дау жөніндегі Үкіметтің жасап жатқан іс­те­рі туралы Ұлттық экономика вице-ми­нистрі Айдар Әріпханов баяндады. Оның айтуына қарағанда, Қазақстанда қазір 3,1 млн адамды қамтыған 1 240 916 ШОБ субъектілері бар екен. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында олар 6,4 трлн теңгенің өнімін шығарған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 11,0 %-ға артық.

Отырыста Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов, «Атамекен» Ұлттық кә­сіпкерлер палатасы төрағасының орын­басары Төлеміс Шотанов және т.б. сөй­леп, өз салаларында осы бағыт­та ат­қарылып жатқан жұмыстар тура­лы бая­ндады. Баяндамаларды талқылау­ға се­наторлар Сәрсенбай Еңсегенов, Нұрлан Қылышбаев, Талғатбек Абай­діл­дин, Бақтыбай Шелпеков, Асхат Кү­зеков және т.б. қатысты. Отырыс қо­рытындысы бойынша ша­ғын және орта биз­несті қолдаудың ма­­ңыздылығы айтылып, Үкіметке ұсыныстар әзір­ленді.

10378807

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз