Қылмыстық істе Toyota, Lexus, Infinity брендті қымбат көліктер туралы сөз болған.
Бұл туралы bk55.ru сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
Омбыда Василий Коняхин – ұрланған элиталық көліктерді халықаралық нарықта саудалаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі амнистияға ілікті.
– Көліктер жалған тұлғаларға рәсімделіп, Қазақстанға жөнелтіліп, сатылған. Тергеу амалдары негізінен Қазақстанда жүргізілді. Қылмыстық топ мүшелерінің басым бөлігі сол елде болған, – деді прокурор Евгений Логинов.
Коняхин барлығы 11 иномарканы сатып үлгерген. Куйбышев соты ер адамды 2,5 жылға шартты түрде бостандығынан айырып, 80 мың рубль айыппұл салған. Алайда оған рақымшылық жасалды.