Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мерекеленіп жатыр, – деп хабарлайды 365.info.kz
Алғаш рет 1992 жылы 7 мамырда қорғаныс комитеті ҚР Қорғаныс минситрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні Қазақстан Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. 2012 жылдың 4 қазанында ҚР Парламенті 7 мамырды мемлекеттік мерекелер қатарына қосты.
Олар Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Fokker-100» әуе кемесінің командирі Дмитрий Родин мен Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қайрат Үмбетов болатын.
Оның бірі Қызылордадан Астанаға бағыт алып, Астана әуежайына апаттық жағдайда аман-есен қонған «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының командирі. Дмитрий Родин 108 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің өмірін аман сақтап қалған. Ал, әскери оқу-жаттығулардың бірінде гранатаның жақын маңда жарылатынын сезген полковник Қайрат Үмбетов жауынгерді кеудесімен қалқалап, сарбаздың өмірін ажалдан арашалап қалған болатын.